Жаңалықтар
-
-
-
27.03.2024 Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай "Ыбырай " ауылындағы бесікке салу салт-дәстүрінен үзінді. Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Жауаптылар: Молдаханова К. Р. Рыжикова В. А., Досымова Б. К. Буркитбаева Ш. К., Скиртач О. А. Дитман Н. В. https://www.instagram.com/p/C4yI_a-Kti5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== -
27.03.2024 Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай "Абай" ауылы Жарапазан дәстүрін көрсетті. Жарапазанның негізгі мақсаты — осы қасиетті айда ислам дінін насихаттау, халықты жақсылыққа шақыру. Ол туралы Ахмет Байтұрсынұлы: «Жарапазан — Рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тысында тұрып, жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазанды екі адам болып жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады»,- деп жазған екен. Жауаптылар: Нурпеисов Е. К., Каменова П. С., Каменов А. З. https://www.instagram.com/p/C4yIb0yKqC9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== -
-
27.03.2024 Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды сыныбы. Жетекшісі: Қуанышова Д. З. https://www.instagram.com/reel/C4yC0fCK6qv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== -
27.03.2024 "Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің" КММ жанындағы "Балапан" шағын орталығы "Қош келдің, Әз -Наурыз" атты ертеңгілігі өтті. Жауапты тәрбиешілер: Мерген Г. Мусахан Ж. https://www.instagram.com/reel/C4w3PF3q_j4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== -
-
27.03.2024 "Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің" КММ жанындағы "Балапан" шағын орталығы. Жауапты тәрбиешілер: Мусахан Ж, Мерген Г. https://www.instagram.com/p/C4sh8XzqYYc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== -
27.03.2024 Ұлттық киім күні. Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерді насихаттау бағытталған түрлі іс-шаралар өткізілуде. 19 наурыз күні "Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ- де " Ұлттық киім-ұлттық құндылық" атты челленджі ұйымдастырылды. Ұлттық киімдер күні құтты болсын! https://www.instagram.com/reel/C4sg_g4qypu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==