Жаңалықтар
-
31.01.2024 Бүгін мектебімізде 1-11 сыныптар үшін "Қазақ есебі" челленджі өтті. «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру шеңберінде ай сайынғы іс-шараларды өткізуге бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған.Осыған орай, білім алушылардың математикалық және логикалық есептерді шығаруға деген қызығушылығын ояту,креативті және сыни ойлауын дамыту мақсатында «Қазақ есебі» челленджі бастау алды. Математика - барлық ғылымдар патшасы. Математикамен көптеген ғалымдар айналысқан. Еліміздегі үздік математиктердің бірі де бірегейі - Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев.Асқар Жұмаділдаев – белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі. Бала кезінен математикаға құштар болған. Мектепте жүргенiнде талай қалалық, республикалық және бүкiлодақтық физика-математикаға қатысты жарыстарға қатысып, талай рет жүлдегер атанады. https://www.instagram.com/reel/C2t7eIKK15W/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTYzOWQzNmJjMA== -
-
31.01.2024 Тақырыбы: Қош бол, әліппем! Мақсаты: Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау. Өнерлерін тамашалау. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскендерін көрсету. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу. Өткізген : 1 "А" сынып жетекшісі: Досымова Б.К. https://www.instagram.com/reel/C2sQBuMqJoB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTYzOWQzNmJjMA== -
30.01.2024 "ДОСБОЛLIKE: Достық қолын ұсын" акциясы аясында 1-11 сынып оқушыларына, сынып сағаты өткізілді. Тақырыбы: Достық пен достықты бағалай біл! Мақсаты: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым - қатынасын нығайту. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адамгершілік қасиетін, бір - біріне деген достық сезімдерін нығайту. https://www.instagram.com/reel/C2ry1iUqU9c/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTYzOWQzNmJjMA== -
-
-
30.01.2024 "Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің" КММ жанындағы "Балапан" шағын орталығында "Мақал - сөздің азығы, жұмбақ - ойдың қазығы" тақырыбында дамыту оқу іс әрекеті ұйымдастырылды. Мақсаты: балалардың сөздік қорын дамыту, мақал-мәтелдермен таныстыру. Жауапты тәрбиешілер: Мусахан Ж, Мерген Г. https://www.instagram.com/reel/C2nBRSmKAuI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTYzOWQzNmJjMA== -
-
30.01.2024 Даярлық сыныбында "Мақал-мәтелдер әлемінде" тақырыбында ертеңгілік өтті. Мақсаты: Мақал-мәтелдердің даналығын, ғибратты мағынасын және жетілдірілген мақал-мәтелдерді ашу, олардың ұқсастығы мен айырмашылығына назар аудару. Өз бетінше және топтық жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Өткізген сынып жетекшісі: Цыкалова Ю.С. https://www.instagram.com/reel/C2k4DZ-qr_u/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTYzOWQzNmJjMA== -